«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№7 бөбекжай бақшасы» МКҚК - Талдықорған қаласы
Құрметті ата-аналар! Мен, №7 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі — Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы, Сіздерді балабақшамыздың ресми сайтында қарсы алғаныма қуаныштымын!
Балабақшамызда әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда. Балалардың денсаулығы, қауіпсіз ортада болуы және өздерін жайлы сезінуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Бұл бағытта ұжым жұмысына жеке өзім жауапкершілікпен қараймын.
Балабақшамызда әр балаға мейіріммен қарап, оның жан-жақты дамуына ерекше мән беріледі. Тәрбие мен оқыту үдерісінде балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Ата-аналармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату – біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі. Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз біз үшін әрдайым маңызды.
Балаларымыздың жарқын болашағы үшін бірлесе еңбек етеміз деп сенемін!
Құрметпен,
№7 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі — Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы
- Сұрақтар-жауаптар
- Сұрақ қою