A  A  A
Қарапайым нұсқа
ҚАЗ РУС
Виртуалды қабылдауы
Қазақстан Республикасы Жетісу облысының
меншіктің барлық нысанындағы білім беру
ұйымдары басшыларының бірыңғай блог-платформасы

 

 

Жетісу облысының

білім басқармасының

басшысы

Қош келдіңіздер!

 

    Біріңғай блог-тұғырнамасы көмегімен мектеп басшыларына тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды койып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мектеп директорлары немесе  орынбасарлары, тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысады. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. 

     Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да  тиімді болатынына сенеміз.

Құрметпен,

Жетісу облысы білім басқармасының басшысы

 

         Сүлейменов Марат Бекбосынұлы

        

Құрметті блог қатысушылары!

 

 Сұрақ қоймастан бұрын төмендегі ережелерді сақтауды өтінеміз:

1. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.

2. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.

3. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе мектеп қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.

4. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөніңіз толығымен жазылуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы ақпарат, білімі

1981 жылы туған. Білімі жоғары. Абай атындағы Алматы университетін, Алматы технологиялық университетін  тарих және география пәндерінің мұғалімі, менеджмент мамандықтары бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын Алакөл ауданы Бұлақты ауылындағы орта мектептің мұғалімі болып бастады.

Әр жылдарда Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, білім бөлімі бастығының орынбасары, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы, Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті басқармасының бас сарапшысы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті Мазмұн және әдістамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, Талдықорған қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Жетісу облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың маусымынан – Жетісу облысы білім басқармасының басшысы

 

 

 

 

Copyright © 2024, Жетісу облысының білім басқармасы