Туған жылы және туған жері:1980 жылғы 24 мамыр
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылы
Ұлты: қазақ
Білімі:
Жоғары
2006-2010 жыл – І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы
2010-2012 жыл – І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы
Шаяхмет Мадина Жанабаевна 1980 жылы түған.Ұлты-қазақ. 2 жоғары білімі бар. 2010 жылы Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекттік университетінің экономика факультетінің қаржы мамандығы бөлімін, 2014 жылы Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекттік университетінің гуманитарлық факультетінің орыс тілі мамандығы бөлімін бітірді. 2019 жылы сарапшы санатын аған.
Беріктас орта мектебінде 2010 жылы орыс тілі пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа кірді. 2016 жылы тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, ал 2018 жылы мектеп директоры қызметіне тағайындалды.
Жоғары педагогикалық мәдениеттілігі мен кәсіби құзыреттілік, толеранттық, ұжымдық және қоғамдық ынтымақтастықты құру қабілеті бар. Ұжымда жағымды психологиялық қарым-қатынасты құруды біледі, өзінің жеке пікірін, көзқарасын білдіру және сендіру әдісіне ие, сонымен қатар өз іс-әрекетін әріптестерінің іс-әрекетімен келістіруді, ұжымдық тәжірибені бағалауды, мектеп дәстүрін сақтауды біледі.
Мектеп басшылығын нормативтік-құқықтық актілерге, мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асырады. Басшылық шешімдерді оңды қабылдауды, мектеп іс-әрекетін жобалауды, ұжымдық бақылау мен басқаруды іскерлікпен жүзеге асырады.
Толеранттық, әділеттілік, болашаққа сеніммен қарау, алға қойған мақсатына жету, еңбексүйгіштік, оптимист сияқты жеке қасиеттерге ие. Жұмыс істеген жылдарында мектеп педагогының басқаруға қатысуын қамтамасыз ететін басқарудың демократиялық стилін құрған, ұжымда жағымды, моральды-психологиялық климат жағдайын жасаған. Әр оқушының жеке тұлғалық және педагогикалық ұжымның әрбір мүшесін бағалайды, әкімшілік басқару талаптарына, шығармашылық әрекетті ұйымдастыру қабілеті бар.
Басшы, ұстаз, өз пәнінің ғылыми негізін, оны оқыту әдістемесін, педагогика мен психология негіздерін жақсы меңгергендіктен, оқу материалдарының мазмұнына шығармашылықпен қарайтындығын әрбір өткізген сабағында дәлелдеп келеді.
Мадина Жанабаевна үнемі ізденіс үстінде жүретін, тындырымды еңбек етуге жалықпайтын басшы. 2019 жылы жаңашылдыққа жаны құмар ұстаз аудан мектептерінің арасында «ҰБТ дайындау кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдерінің пайдалану жолдары» атты аудандық семинарда іс тәжірибесімен бөлісті. 2020 жылы тамыз конференцияда мектеп басшыларының арасында «Қашықтық оқыту кезінде мектепішілік бақылаудың ерекшеліктері» тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісті.
Мадина Жанабаевна ауылдағы, аудандағы өтетін іс-шаралардың белсенді мүшесі, жоғарыда аталған жақсы қасиеттерімен ерінбей жалықпай еңбек етудің арқасында ата-аналар, ұстаздар, оқушылар арасында зор беделге ие болған ұстаз.
Білім саласында көптеген реформалар жүзеге асырылып, сапаммен жұмыс жүргізу барысында басты мақсаты үміт артар жастарымыздың сапалы білім алуы, бәсекеге қабілетті қоғамның толыққанды мүшесін қалыптастыру.
Мадина Жанабаеваның сөзі орынды, ісіне сай, өйткені оның нақты өмірлік ұстанымы: «Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет дегендей, осындай ұлы қызметке тамшыдай болса да өз үлесімді қоссам, өзімді бақытты деп санар едім.»